Елімізде жаңа қоғамдық этика қалыптасуы керек. Онда елдің бірлігі және тұрақтылығы, азаматтардың өзара тілектестігі, әділдік, заң мен тәртіп, сенім және жауапкершілік сияқты құндылықтар үстемдік құруы қажет.

ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев

Толық оқу

Арнайы жобалар

Толық көру

Жаңалықтар

Оқи отырыңыз

Ұлы даланың 7 қыры

Толық көру

Республикалық маңызы бар қасиетті нысандар

Толық көру
Жергілікті маңызы бар қасиетті объектілер
М. Әуезовтің музей-үйі
Бұл үйде 1951-1961 жылдар аралығында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов тұрған.

Жергілікті маңызы бар қасиетті объектілер
Д. Қонаевтың музей-үйі
Бұл үйде 1969-1993 жылдар аралығында Д. А. Қонаевт тұрған.
Музей үйде Д. А. Қонаевтың  балалық шағы, қызметте өсу баспалдағы, қоғам қайраткері ретінде қалыптасу жолы туралы деректер мен тарихи мағлұматтар және жеке заттары сақталған.

Жергілікті маңызы бар қасиетті объектілер
Ғылым академиясының ғимараты
Ғылым академиясының негізі 1932 жылы қаланған. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақстандық геология мектебінің негізін салушы, академик, әлемге танымал ғалым Қ. И. Сәтпаевтың  басшылығымен ҚазКСР Ғылым академиясының негізі қаланған. Бірегей сәулет ескерткіші.

Жергілікті маңызы бар қасиетті объектілер
Орталық зират
К. Байсейітова, М. Төлебаев, М. Әуезов, Қ.Сатпаев, А. Жұбанов секілді Қазақстан Республикасының алдында еңбегі бар аса көрнекті тұлғалар жерленген мұсылман зираты.

Жергілікті маңызы бар қасиетті объектілер
«Кеңсай» зираты
Ә.Қастеев., М. Мақатаев., Б.Момышұлы., Г.Мүсрепов сияқты Қазақстан Республикасының алдында еңбегі бар аса көрнекті тұлғалар жерленген мұсылман зираты.

Жергілікті маңызы бар қасиетті объектілер
Шымбұлақ таулы аймағы
Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты

Жергілікті маңызы бар қасиетті объектілер
Алматы музейі
2016 жылы Алматы қаласының 1000 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту аясында ашылды. Музей экспозициясында Алматы қаласының ежелден бүгінгі заманға дейінгі тарихы көрсетілген.

Жергілікті маңызы бар қасиетті объектілер
Көк-төбе тауы
Алматы қаласының оңтүстік-шығысында, Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Қазіргі кезде «Көктөбе демалыс саябағы»

Жергілікті маңызы бар қасиетті объектілер
Медеу шатқалы
Іле Алатауының солтүстік баурайында Кіші Алматы өзені аңғарында, теңіз деңгейінен 1520 - 1750 м биіктікте биік таулы спорт кешені орналасқан орын.

Бұрынғы Үкімет үйі (қазіргі ҚБТУ)
Тарихи монументтік құрылыс 1938 жылы салынатын болып шешіліп, ғимарат 1957 жылы салынып бітті.
1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы декларациясына Үкімет үйінің айбынды залдарында қол қойылған еді.

Свято-Вознесенскидің кафедралды соборы
Кафедралды собор - ХХ ғасырдың басындағы бірегей жасампаз сәулет туынды. Инженерлер А.П. Зенков пен Н.И. Степанов өзара сыммен жалғанған ағаш бөліктерінен салған, әлемдегі ең биік православтардың ағаш храмдардарының (54 м)  бірі

Ахмет Байтұрсыновтың Музей-үйі
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, түріктанушы Ахмет Байтұрсыновтың Музей-үйі 1993 жылы ұйымдастырылды. Мұражайда ғалымның  ресми құжаттары мен жеке заттары сақталған

Тәуелсіздік» Монументі
Алтын адамның бейнесі негіз болған        Қазақстанның Тәуелсіздігі монументі - ескерткіш Алматының орталық (Республика алаңы)  алаңында орналасқан

«Тәуелсіздік таңы» Монументі
2006 жылы ел тарихында маңызды рөл атқарған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 20-жылдығына орай орнатылған

Райымбек батыр кесенесі
Халқының еркіндігі үшін жоңғар басқыншыларымен шайқасқан қазақтың Ұлы батыры Райымбек батыр кесенесі, ол Алматы қаласында Раймбек даңғылының бойында орналасқан

Боралдай сақ қорғандары
Ерте дәуірдің бірегей ескерткіші.  Алматының
Солтүстік - батысында орналасқан үлкен қорым, алаңы 430 га.

Жергілікті маңызы бар қасиетті объектілер
Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш
2017 жылғы 31 мамырда Алмалы ауданы Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан саябақта ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш.

Видео галерея

Толық көру