Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Әкенің өнегесі – қоғамның іргетасы
24.06.2025

Әкенің өнегесі – қоғамның іргетасы

Әкенің өнегесі – қоғамның іргетасы
Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Әке жолы – ізгі жол» жобасы аясында отбасы құндылықтарын дәріптейтін диалог алаңы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — отбасындағы әкенің рөлін айқындау, ер азаматтардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және ұлттық тәрбие ұстанымдарын жаңғырту. Диалог алаңына қоғам белсенділері, кәсіби медиаторлар, сарапшылар мен ата-аналар қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар ұл мен қыз тәрбиесіндегі әкенің орны, заманауи қоғамда туындап отырған мәселелер және олардың шешу жолдары туралы ой бөлісті. Ашық пікір алмасу арқылы тәжірибе ұштасып, өзекті сұрақтарға жауап ізделді.
Осындай бастамалар арқылы отбасы мәдениетін жаңғыртуға және жас ұрпаққа өнеге боларлық құндылықтарды сіңіруге жол ашылады.
Picture1.jpg
Picture2.jpg
Picture3.jpg
Picture4.jpg
← Жаңалықтар тізіміне оралу