Ұлы даланың 7 қыры

«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы

28.12.2020
Мақсаты – Даланың ұлы тарихи қайраткерлерінің өмірін, мұрасын зерделеу және танымал ету.


Міндеттері:
1. «Ұлы даланың ұлы есімдері» оқу-білім беру энциклопедия-паркін құру.
2. Шетелдік шеберлер мен шығармашылық ұжымдарды тарта отырып, оның ішінде баламалы жастар өнерінің креативті әлеуетін пайдалана отырып, заманауи әдебиетте, музыкада, театрда және бейнелеу өнерінде ұлы ойшылдар, ақындар мен өткеннің билеушілері бейнелерінің өзекті галереясын қалыптастыру.
3. Даланың ұлы қайраткерлерінің мұрасын мәңгі есте қалдыру, оның ішінде барлық өңірде ашық аспан астында музейлер ашу.
4. Олардың мұрасын танымал ету, оның ішінде «Ұлы даланың көрнекті тұлғалары» – «Ұлы Дала тұлғалары» ғылыми – көпшілік сериясын құру және тарату.