09.06.2025
«Жолдар мен хаттар…» әдеби бенефисі
Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының бастамасымен «Кітап – асыл қазына» жобасы аясында ақын, публицист, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Әлем әдебиеті» журналының бас редакторы Ержан Алаштуғанның шығармашылығына арналған «Жолдар мен хаттар…» атты әдеби бенефис ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында поэзиялық композициялар ұсынылып, автор туындыларына жазылған әндер шырқалды. Қатысушылар ой бөлісіп, көрермендер сұрақ қойып, қолтаңба алу мүмкіндігіне ие болды.
Бұл әдеби кездесу ұлттық сөз өнерін ұлықтап, көркем әдебиет пен поэзияға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті. Жазушы мен оқырман арасында рухани байланыс орнап, шығармашылық үндестікке жол ашылды.