10.04.2025
Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен Almaty Creative кеңістігінде «TAZA Qala» жобасы аясындағы экологиялық дәрістер топтамасының үшінші кездесуі өтті.
Жиынның негізгі мақсаты – тұрғындардың экосана деңгейін көтеріп, күнделікті тұрмыста қалдықтарды қысқартудың қолайлы жолдарын ұсыну. Қатысушылар тұтыну әдеттеріне сын көзбен қарап, табиғатты аялаудың оңай әрі тиімді тәсілдерімен танысты. Кештің басты спикері- экоблогер Камила Акимбекова болды. Ол «Zero Waste: “0” мағынамен. Үрдісте бол!» атты баяндамасында өз тәжірибесімен бөлісіп, экологиялық өмір салтын ұстанудың нақты жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, қалдықсыз өмір сүру туралы жиі кездесетін қате пікірлерді жоққа шығарып, Zero Waste қағидаларын қарапайым тілмен түсіндіріп берді.
Шара көпшіліктің қызығушылығын оятып, сананы жаңаша бағыттауға себеп болды. Бұл дәріс - ақпарат беріп қана қоймай, әрекетке жетелеген маңызды бастама болды.