22.05.2025
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Қоғамдық даму орталығының бастамасымен «TAZA Qala» экожобасы аясындағы бесінші экологиялық дәріс сәтті ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, саналы тұтыну дағдыларын насихаттау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ынталандыру.
Кездесу спикері, «HelloEcokz» жобасының негізін қалаушы, экоблогер Дина Огай көп мәрте пайдалануға жарамды өнімдердің маңыздылығын атап өтіп:
«Бір реттік заттардан гөрі, ұзақ пайдалануға болатын, сапалы әрі табиғи өнімдерді таңдасақ, өміріміз жеңілдеп қана қоймай, экологияның тазалығына нақты үлес қосамыз», – деді.
Интерактивті форматта өткен дәріс барысында қатысушылар экосананы дамытуға бағытталған пікірталастарға қатысып, күнделікті өмірдегі экодағдылар жайлы тың мәліметтер алды.