23.05.2025
Қоғамдық даму орталығының бастамасымен өткен «Ұлттық аспаптар» фестивалі көне саз мұрасын жаңғыртуға бағытталды. Үш кезеңнен тұрған жоба аясында қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан музыкалық аспаптарын насихаттау және жастардың дәстүрлі өнерге қызығушылығын арттыру көзделді.
Фестиваль шеңберінде орындаушылар байқауы, көрмелер және шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Қорытынды кезеңде үздік қатысушылар көне аспаптармен өнер көрсетіп, олардың тарихи маңызын жаңаша қырынан танытты. Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.
Бұл жоба – ұлттық музыка өнерін жаңа буынға жеткізудің тың үлгісі