28.05.2025
Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының бастамасымен «Qazaq Vision» жобасы аясында ұлттық мәдениетті цифрлық форматта танытуға бағытталған форум ұйымдастырылды.
Мақсаты — жастарды қазақы болмысқа негізделген заманауи контент жасауға ынталандыру және дәстүрді жаңа медиамен ұштастыру.
Шарада үздік бейнежұмыстар көрсетіліп, байқау жеңімпаздары марапатталды. Форумға жас мобилографтар, медиа мамандар, мәдениет өкілдері мен креативті индустрия қатысушылары жиналып, дәстүр мен технологияның тоғысында жаңа мазмұн қалыптастыру жөнінде пікір алмасты.