ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбекқорлық пен кәсіби шеберлік – ел дамуының берік іргетасы.

03.04.2025
Еңбекқорлық пен кәсіби шеберлік – ел дамуының берік іргетасы.
Биылғы жыл – елімізде жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге, кәсіптік білім берудің сапасын жақсартып, білікті кадрлар даярлауға, сондай-ақ еңбек адамын құрметтеп, оларды ынталандыруға үлкен мүмкіндік сыйлайды.
Осы бағытта Архитектура, дизайн және инженерия колледжі де өз тарапынан елеулі іс-шаралар ұйымдастырды. Білім ордасы JapJaryk компаниясымен бірлесіп, «Бақылаудағы жарық» атты тәжірибелік воркшоп өткізіп, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы бастамаларға нақты қолдау көрсетті. Шараның негізгі мақсаты – электр қуаты мен жарықтандыру жүйелерін тиімді әрі қауіпсіз құрастыруды үйрету. Тәжірибе барысында студенттер электр тақталарын жинап, жарықтандыру құрылғыларын орнатудың маңызды дағдыларын меңгерді.
Осындай тәжірибелік воркшоптар жас және болашақ мамандарға бағыт-бағдар беріп, кәсіби білімнің маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Жұмысшы мамандықтарын дамыту – елдің экономикалық қуатын нығайтудың негізгі қадамы.