Алматы қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен «Business Lady Kazakhstan» қоғамдық бірлестігі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды насихаттауға бағытталған қала әйелдерімен кездесу ұйымдастыры.
Кездесу барысында жоба жетекшісі, блогер Сәуле Қайсар «BUSINESS LADY QAZAQSTAN» жобасы туралы айтып берді.
Әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік белсенділігін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында конкурс өткізіліп, оған 200-ге жуық әйел қатысты.
Айта кетейік, байқау әлеуметтік бағдарланған. Оған көп балалы аналар, ісін жаңа бастаған әйелдер, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар қатысты.
Іс-шара барысында Алматы қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және «Business Lady Kazakhstan» қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.