ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева Алматы қаласының жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті. Онда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша жұмыс қорытындылары, жаңа арнайы жобалардың маңызы және күтілетін нәтижелер талқыланды.
Сөз сөйлегендер қатарында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Г. Байташова, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры К. Матыжанов, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Д. Шаяхмет.
Министр тарапынан «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңселерінің жұмысын жандандыру, Бағдарлама шеңберінде әзірлейтін жұмыс жоспарларын жан-жақты зерделеу, Университтер базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мазмұнын терең білетін кәсіби мамандардан тұратын Сарапшылар пулын жасақтау мәселелері алға тартылды.