Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Алматыда «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттары марапатталды
16.02.2020

Алматыда «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттары марапатталды

«Жомарт жүрек» байқауының лауреаттары марапатталды. Туған жерін түлеткен, өскен өлкесін дамытуға үлес қосқан кәсіпкерлер, еріктілер, қоғамдық ұйымдар түрлі номинациялар бойынша алғыс хатқа ие болды. Бұл – азаматтық қоғам институттарының жұмысын жетілдіруге, маңызды жобаларды жүзеге асыруға үлкен қолдау.
Қалалық «Жомарт жүрек» байқауына 30-дан астам жеке және заңды тұлғалар өтінім білдірген. Олардың әрқайсысы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және құрылыс саласында әлеуметтік маңызы бар жобаларды жыл бойы белсенді жүзеге асырғандар.
Салтанатты шара, аз ғана адам мен санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Дәстүрлі байқау – жерінің көркеюіне, халқының жағдайын жақсарту жолында игі істер жасап жүрген меценаттарды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Конкурсқа кез келген адам ұсыныс білдіре алады. Өйткені елінің нағыз жанашырлары әрдайым құрметке лайық.
← Жаңалықтар тізіміне оралу