Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Конституциялық құндылықтар және олардың құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет құрудағы маңызы» тақырыбында іс-шара өткізді.
14.10.2026

«Конституциялық құндылықтар және олардың құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет құрудағы маңызы» тақырыбында іс-шара өткізді.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Қоғамдық диалогты қалыптастыру» жобасын іске асыру аясында  Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «Конституциялық құндылықтар және олардың құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет құрудағы маңызы» тақырыбында іс-шара өткізді.

Іс-шараның спикері - заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Ибраева Алуа Саламатовна.

Кездесу барысында қатысушылар Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, заңдылық қағидаттарын нығайтудағы, қоғамдық келісім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы рөлін талқылады.

Сонымен қатар конституциялық құндылықтардың құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы, белсенді азаматтық ұстанымды дамытудағы және қоғам бірлігін нығайтудағы маңызына ерекше назар аударылды.

Конституцияны құрметтеу және оның негізгі қағидаттарын түсіну – құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарттарының бірі.
← Жаңалықтар тізіміне оралу