04.10.2026
Алматыда жастарға арналған ауқымды құқықтық квест-марафон өтті
«Заң мен Тәртіп» әлеуметтік жобасы аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы жастарға арналған ауқымды құқықтық квест-марафонды қорытындылады.
Жобаға Алматы қаласының 10 жетекші жоғары оқу орнынан 200 жас қатысты. Олардың қатарында ХАТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Narxoz және Satbayev University студенттері бар.
Квест барысында қатысушылар «Street Law», «Жаңа Конституция», «Цифрлық із», «Адал азамат» және басқа да тақырыптық станцияларда құқықтық тапсырмаларды орындады. Ситуациялық кейстер, логикалық және командалық сынақтар арқылы жастардың заңнаманы күнделікті өмірде қолдану дағдылары мен құқықтық сауаттылығы сыналды.
Жобаның негізгі мақсаты жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамдық жауапкершілігін қалыптастыру және «Заң мен Тәртіп» қағидатын күнделікті өмірде ұстанудың маңызын түсіндіру.
Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген сөзі де осы ұстанымның мәнін айқындай түседі.