Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
 «Қамқоршы Алматылықтар»
29.09.2026

«Қамқоршы Алматылықтар»

Алматыда «Қамқоршы Алматылықтар» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Almaty – менің мақтанышым» жобасы аясында «Қамқоршы Алматылықтар» қалалық байқауының қорытындысы өтті.
Байқаудың мақсаты - қаланың дамуына үлес қосып жүрген, белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленген тұрғындарды анықтау және олардың еңбегін насихаттау.
Салтанатты шарада қоғамға үлгі болып жүрген азаматтар - адам өмірін құтқарған батырлар, еріктілер мен қайырымдылық, экология бағыттарында еңбек етіп жүрген алматылықтар арнайы марапатталды.
Шара соңы мерекелік кешпен жалғасты.
#ҚамқоршыАлматылықтар #Алматы
← Жаңалықтар тізіміне оралу