Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Бәшен Баймұратқызы Баймұратованың 100 жылдығы!
24.09.2026

Бәшен Баймұратқызы Баймұратованың 100 жылдығы!

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген ұстазы, ғалым Бәшен Баймұратқызы Баймұратованың 100 жылдығына арналған «Ғылымға жетелеген ұстаз» атты әдеби танымдық кездесу өткізді.

Іс шара Ішкі саясат қағидаттарының саяси гуманитарлық идеологемасы жоспарына сәйкес және Ұстаздар күні қарсаңында ұйымдастырылып, Бәшен Баймұратқызының ұстаздық және ғылыми жолын, білім мен ғылым саласына қосқан үлесін дәріптеуге, өнегелі өмірі мен кәсіби қызметін кейінгі ұрпаққа үлгі етуге арналды.

Тағылымды кешке ғалымның шәкірттері, ғылыми қауымдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысып, ұстаздың өмірі мен еңбегі туралы ой бөлісті. Кездесудің арнайы қонағы, ғалымның қызы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Соқпақбаева Самал Бердібекқызы анасы туралы естеліктерімен бөлісіп, оның өмір жолы мен еңбектеріне шолу жасады.

Кеш барысында Бәшен Баймұратқызының шәкірттері мен замандастары ұстаз туралы естеліктерін айтып, оның кәсіби болмысы мен адамдық қасиеттері жөнінде ой бөлісті. Ғалымның ғылыми педагогикалық мұрасы, шәкірт тәрбиесіндегі орны және білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі кеңінен сөз болды.

Кездесу оқырмандардың ғылымға қызығушылығын арттырып, білім мен ізденістің маңызын дәріптеуге ықпал етті. Кештің мазмұнын өнерпаздардың музыкалық және поэзиялық қойылымдары толықтырып, қонақтарға ән мен жырдан шашу шашылды.

«Ғылымға жетелеген ұстаз» атты әдеби танымдық кездесу көрнекті ғалымның өмірі мен еңбегін дәріптеп, оның өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа насихаттауға бағытталған тағылымды мәдени ағартушылық шара ретінде өтті.
← Жаңалықтар тізіміне оралу