Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Жастар арасында саяси мәдениетті арттыру»
17.09.2026

«Жастар арасында саяси мәдениетті арттыру»

Қоғамдық диалогты қалыптастыру жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің студенттерімен «Жастар арасында саяси мәдениетті арттыру» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуде Алматы қаласының «Тоғызқұмалақ федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті, №25 қалалық емхананың директоры Тұрсұн Әкім Хазретәліұлы спикер ретінде сөз сөйледі.

Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, азаматтық жауапкершілік, көшбасшылық және жастардың қоғамдық белсенділігі мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ медиасауаттылық пен сыни ойлауды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер әлеуметтік желілердің қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпалын, сондай-ақ ақпаратты алу, бағалау және тарату кезіндегі жауапкершіліктің маңызын талқылады.

Кездесу соңында «сұрақ-жауап» форматында ашық диалог өтіп, студенттер спикерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.

Жастардың азаматтық мәдениетін, құқықтық сауаттылығын және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру – заманауи әрі жауапты қоғам
← Жаңалықтар тізіміне оралу