18.09.2026
Narxoz колледжінде «Толық адам» әлеуметтік жобасы
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен Narxoz колледжінде «Толық адам» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында кездесу өтті.
Іс-шара барысында студенттер мен оқытушыларға жобаның мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары таныстырылды. Кездесуде ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының «Толық адам» тұжырымдамасы негізінде жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды, адалдық пен жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Қатысушылар адамгершілік қасиеттердің жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызына, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және қоғамдық құндылықтарды дәріптеуге қатысты пікір алмасты. Сондай-ақ кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұйымдастырушылардан жауап алды.
Іс-шара жастардың рухани дамуына, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталды.