Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыру керек?»
16.09.2026

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыру керек?»

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Заң мен Тәртіп» әлеуметтік жобасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыру керек?» тақырыбында дискуссиялық кездесу ұйымдастырды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, жастардың цифрлық ортадағы жауапты мінез-құлқын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және деструктивті әдеттердің алдын алу мәселелеріне арналды.

Кездесуге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қатысып, құқықтық жауапкершілік, нашақорлықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзекті ақпаратпен бөлісті.
← Жаңалықтар тізіміне оралу