17.09.2026
«Толық адам» жобасы
Алматы қаласы қоғамдық даму орталығының «Толық адам» жобасының қоғамды ақпараттандыру сериясы аясында өткен шара спикерлері:
Теплых Марина Генадьевна - «БЖЗҚ» АҚ Көшпелі қызмет көрсету Шарттарды жүргізу бөлімі бастығының орынбасары;
Ешбаева Қаракөз Алмағанбетқызы - Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы әдіскері болды.
Шараға Чехов атындағы орталық кітапхана ұжымы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы технологиялық-қаржы және инновациялық-техникалық колледжі студенттері, 136 мектеп-гимназиясы 9 сынып оқушылары және т.б. оқырман қауым қатысты. Онда ұлы Абайдың «Толық адам тұжырымдамасының қағидаттарына шолу жасалып, спикерлер тақырыптық ақпараттармен бөлісті.
Іс- шара қатысушыларға Абай ілімін ұғыну, білімді меңгеру, жігерлі іс-әрекетпен еңбек сүйгіштік, адамгершілік, мейірімділік сезімді үйлестіре білу – қазіргі заманның басты шарты екендігін түсінуге ықпал етті.