Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Қаржылық, цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік»
18.09.2026

«Қаржылық, цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік»

«Адал Азамат» жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Қаржылық, цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында Public Talk өткізді.

Іс-шараға бейінді ұйымдардың өкілдері, сала мамандары және жастар қатысты.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан «Қаржылық сауаттылық - қауіпсіз және адал қоғам кепілі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында қаржылық сауаттылықты арттыру, жеке қаржыға жауапкершілікпен қарау және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Алматы көпсалалы колледжінің психологы Гүлзат Өміртаевна Анарбаева «Буллингтің алдын алу: оған бой алдырмау жолдары мен психологиялық тұрақтылық» тақырыбында сөз сөйледі. Кездесу барысында буллингтің алдын алу, психологиялық тұрақтылықты сақтау және қиын жағдайларда тиімді әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды.
← Жаңалықтар тізіміне оралу