10.09.2026
«Экономикалық өсім және экологиялық жауапкершілік: басымдық па, әлде тепе-теңдік пе?»
«Адал қоғам» жобасы аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Экономикалық өсім және экологиялық жауапкершілік: басымдық па, әлде тепе-теңдік пе?» тақырыбында эко-сараптамалық дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының алаңында өтті.
Дөңгелек үстел барысында Алматы қаласының экологиялық жағдайы, жасыл желектердің жай-күйі, су ресурстарын ұтымды пайдалану және Алматы агломерациясын сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Талқылау қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өтті.
Іс-шараға биология, ауыл шаруашылығы, экология және су ресурстары салаларының ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ қоғам өкілдері қатысты.
Ашық сараптамалық диалог барысында қатысушылар экономикалық даму мен экологиялық жауапкершіліктің өзара байланысын талқылап, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту мәселелеріне назар аударды.
Қатысушылар экологиялық бастамаларды Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған басымдықтарға сәйкес іске асырудың және табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарау мәдениетін одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара экологиялық жауапкершілік, тұрақты даму және табиғи ресурстарды сақтау мәселелері бойынша сараптамалық әрі қоғамдық диалогты дамытуға бағытталды.