Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Заң мен Тәртіп: Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»
09.09.2026

«Заң мен Тәртіп: Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

«Заң мен Тәртіп» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде студент жастардың құқықтық әрі цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға 200 ден астам студент қатысып, заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениет пен цифрлық иммунитетті қалыптастыру мәселелері бойынша ақпарат берілді.

Кездесу барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң ғылымдарының профессоры Кегембаева Жанар Аманжанқызы және Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция подполковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлы баяндама жасады.

Спикерлер құқықтық нормаларды сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң алдындағы жауапкершілік мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар студенттерге құқықтық сипаттағы өзекті сұрақтар бойынша түсіндірмелер берілді.

Іс-шара жастардың құқықтық санасын арттыруға бағытталды.
← Жаңалықтар тізіміне оралу