Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Қазақстанның болашағы туралы жастар пікірі: Конституция, құндылықтар және азаматтық жауапкершілік»
07.09.2026

«Қазақстанның болашағы туралы жастар пікірі: Конституция, құндылықтар және азаматтық жауапкершілік»

«Қоғамдық диалогты қалыптастыру» жобасын іске асыру аясында Жоғары медициналық колледжде студенттермен «Қазақстанның болашағы туралы жастар пікірі: Конституция, құндылықтар және азаматтық жауапкершілік» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шара жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, қоғамдық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүгіні мен болашағы үшін әр азаматтың жеке жауапкершілігін сезіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесудің спикері – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ибраева Алуа Саламатовна.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заңнаманы сақтау, азаматтық жауапкершілік, қоғамдық келісім, сондай-ақ мемлекетті дамытудағы жастардың рөлі жөніндегі мәселелер талқыланды.

Студенттердің тұрақты құндылықтық бағдарларын қалыптастыруға, заңға, қоғамға және қоршаған ортаға құрметпен қарауға, сондай-ақ білімнің, кәсібиліктің және әрбір жас азаматтың елдің дамуына қосатын жеке үлесінің маңызын түсінуге ерекше назар аударылды.
← Жаңалықтар тізіміне оралу