02.09.2026
«Мектепке қауіпсіз жол» отбасылық челленджі
Балалардың мектепке дейінгі және мектептен кейінгі жолының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке қауіпсіз жол» отбасылық челленджіне қатысуға шақырамыз. Челлендждің негізгі мақсаты – ата-анамен бірге қауіпсіз маршрутты анықтап, балаға жолдағы қауіпсіздік ережелерін күнделікті әдетке айналдыру. Челлендж шарттары: ата-ана баласымен бірге үйден мектепке дейінгі қауіпсіз маршрутты жүріп өтіп, жолдағы 3 қауіпті жерді анықтауы қажет. Балаға қауіпсіз жол ережелерін түсіндіріп, оны күнделікті әдетке айналдыру ұсынылады. Сонымен қатар, қауіпсіз жерде 30–45 секундтық бейнеролик түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялап, эстафетаны басқа 3 отбасыға жолдау керек.