Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»
28.08.2026

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Алматыда Президенттің таңдаулы ой-тұжырымдары жинақталған кітап талқыланды

Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың таңдаулы сөздері мен ой-тұжырымдары жинақталған «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітапты талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері қатысты.

Кездесу барысында кітапта қамтылған өзекті мәселелер мен негізгі идеялар талқыланып, олардың қазіргі қоғамдағы маңызы сараланды. Жинақта жастар мәселесіне ерекше мән берілген. Осыған орай қатысушылар жастардың білім алуы, мәдени дамуы, қоғамдық белсенділігі және азаматтық жауапкершілігін арттыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы диалогты дамыту, қоғамдық құндылықтарды нығайту және Мемлекет басшысы айқындаған бағыттарды қоғам өмірінде тиімді жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылды.

Зиялы қауым өкілдерінің пікірінше, «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы еліміздің даму жолын саралауға ғана емес, қоғамның болашағы алдындағы жауапкершілікті терең түсінуге мүмкіндік беретін маңызды еңбек болып табылады.
← Жаңалықтар тізіміне оралу