Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Нашақорлық пен киберқылмыстың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесу
05.08.2026

«Нашақорлық пен киберқылмыстың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесу

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Алматы Су» МКК қызметкерлеріне арналған «Нашақорлық пен киберқылмыстың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін ұйымдастырды.

Іс-шараға Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Досболова Сулушаш Ақылбекқызы және Алматы қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция лейтенанты Пазил Айбатыр Бауржанұлы қатысты.

Кездесу барысында спикерлер есірткі қылмысының алдын алу, киберқылмыстың негізгі түрлері, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары, жеке деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар қатысушыларға құқықтық түсіндірмелер ұсынылып, күнделікті өмірде қолдануға болатын практикалық кеңестер айтылды.

Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан жан-жақты жауап алды. Кездесу құқықтық сауаттылықты арттыруға, азаматтардың цифрлық қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және қоғамда заң талаптарын сақтау қағидатын дәріптеуге ықпал етті.
← Жаңалықтар тізіміне оралу