«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне арналған «Нашақорлық пен киберқылмыстың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін ұйымдастырды.
Іс-шараға Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Көбеев Даурен Асқарұлы және Алматы қаласы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Расылхан Батырхан Айдарханұлы қатысты.
Кездесу барысында спикерлер нашақорлықтың алдын алу, киберқылмыстың негізгі түрлері, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары, жеке деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ қатысушыларға құқықтық түсіндірмелер мен практикалық ұсынымдар ұсынылды.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан жан-жақты жауап алды. Кездесу құқықтық сауаттылықты арттыруға, азаматтардың цифрлық қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және қоғамда заң талаптарын сақтау қағидатын дәріптеуге өз үлесін қосты.