Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілерімен «Нашақорлық пен киберқылмыстың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараға Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қатысып, жасөспірімдерге құқықтық жауапкершілік, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік және нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері интернет-алаяқтық пен есірткіге байланысты заң бұзушылықтардың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін атап өтіп, жастарға заң талаптарын сақтау мен деструктивті әрекеттерден сақтанудың тиімді жолдары жөнінде ақпарат берді.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрмет мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы қауіпсіздік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.