03.07.2026
«Жалпыұлттық құндылықтар: цифр дәуіріндегі тәрбие» тақырыбында кездесу өтті
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы Ауезов ауданындағы №135 «Бөбекжай» балабақшасында «Жалпыұлттық құндылықтар: цифр дәуіріндегі тәрбие» тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шара №135 «Бөбекжай» балабақшасымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Кездесуге білім беру және психология саласының мамандары спикер ретінде қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады:
* Төлеубаева Балдану Мұратқызы – «Бөбек» ҰҒПББСО директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушы;
* Шарипова Алия Тілеубаевна – педагогика ғылымдарының магистрі, халықаралық тренер-психолог, №3 қалалық емхана жанындағы Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу орталығының басшысы;
* Мукушова Куралай Қозықанқызы – Испаниядағы Наварра университетінің түлегі, психология ғылымдарының магистрі, PRIZMA School мектебінің оқытушысы, отбасы психологы.
Кездесу барысында спикерлер жалпыұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі маңызы, балалардың психологиялық дамуының ерекшеліктері және ата-аналардың тұлға қалыптастырудағы рөлі туралы кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара аясында ата-аналар үшін ашық сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, тәжірибелік шеберлік сабағы өткізілді.
Кездесу №135 «Бөбекжай» балабақшасы тәрбиеленушілерінің шығармашылық өнер көрсетуімен қорытындыланды.