Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Айдар Рахымжанұлы Есенбеков Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығының басшысы болып тағайындалды
25.05.2026

Айдар Рахымжанұлы Есенбеков Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығының басшысы болып тағайындалды

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы» КММ басшысы қызметіне Есенбеков Айдар Рахымжанұлы тағайындалды.

2001 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де әлеуметтану мамандығын бітірген, ал 2003 жылы аталмыш университетте әлеуметтану мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады.

Айдар Рахымжанұлы мемлекеттік қызмет саласында мол еңбек өтіліне ие. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастармен және саяси партиялармен жұмыс бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы және т. б. басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

← Жаңалықтар тізіміне оралу