«QazaqTalk: қала диалогы» сөйлесу клубы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы жүзеге асырып жатқан «Almaty – менің мақтанышым» жобасы аясында өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда.
Клубтың кезекті кездесуі Алматы құрылыс-техникалық колледжінің базасында ұйымдастырылды. Іс-шараға оқу орнының 1 және 2 курс студенттері қатысты. Жобаның ашық диалог форматындағы кездесуі қатысушыларға қазіргі заманғы Алматы қаласының даму үдерісіндегі қазақ тілінің рөлі мен өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Кездесудің спикері ретінде журналист, тележүргізуші Ольга Спирина сөз сөйледі. Ол өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, жастармен ашық қоғамдық диалогтың маңызы, мәдени өзара ықпалдастық және мемлекеттік тілді меңгерудің қоғам дамуындағы рөлі жөнінде пікір алмасты.
«Almaty – менің мақтанышым» жобасы мегаполис тұрғындарын біріктіре отырып, өзін-өзі дамытуға, мәдени алмасуға және жастардың қала өміріне белсенді қатысуына бағытталған қолжетімді мүмкіндіктер қалыптастыруды жалғастыруда.

