Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Ұлттық кітап – ғасырлар төріндегі асыл мұра» әдеби-сазды кеш өтті
23.04.2026

«Ұлттық кітап – ғасырлар төріндегі асыл мұра» әдеби-сазды кеш өтті

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Шабыт» балаларды дамыту шығармашылық орталығында әдеби-сазды кеш өткізді.
Ұлттық кітап күніне орайластырылған бұл шара М. Әуезов атындағы қалалық кітапханамен бірлесіп өткізіліп, кітап оқуды насихаттау және оның құндылығын дәріптеуді мақсат етті. 
Кеш бағдарламасында:
 «Кітап деген ғажап әлем!» — ақын-жазушылармен сыр-сұхбат және жауһар жырлар;
 «Кітап - ұлттық рухани қазына» — сирек әрі құнды туындылар көрмесі;
Библиофреш — балалар әдебиетінің жаңа інжу-маржандарымен танысу;
«Кітап – біздің досымыз» — әуезді ән мен күйге толы концерт;
Интеллектуалды квиз — «Кітап оқу – тренд, Білім алу – бренд» ұранымен өткен дода;
Буккроссинг — «Ең бағалы сыйлық — Кітап» айдарымен кітап алмасу ұсынылды.
Сонымен қатар, бүлдіршіндер «Кітап патшалығындағы сүйікті кейіпкерлерді» қағаз бетіне түсіріп, шығармашылықтарын шыңдады.
Кеш соңында белсенді қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды. Рухани кеш қонақтарға ұмытылмас әсер сыйлап, кітаптың адам өміріндегі биік орнын тағы бір мәрте дәлелдеді. 



#ҰлттықКітапКүні
#ОқуғаҚұштарҰлт 

← Жаңалықтар тізіміне оралу