Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Жастармен «Адал азамат» тақырыбында кездесу өтті
23.04.2026

Жастармен «Адал азамат» тақырыбында кездесу өтті

Қоғамдық пікірді қалыптастыру жобасын іске асыру аясында Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттерімен «Адал азамат: адам құқықтары және денсаулық мәдениеті – жауапты азаматтықтың негізі» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясының негізгі ережелері, соның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, сондай-ақ денсаулық сақтау құқығы мәселелері қарастырылды. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Спикерлер ретінде:
Заң ғылымдарының докторы Кегембаева Жанар Аманжановна Конституцияның азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі рөлі туралы баяндама жасады;
Медицина ғылымдарының кандидаты Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы денсаулық мәдениеті, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтының маңызы туралы ақпарат ұсынды.

Кездесу барысында қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, денсаулық құндылықтарын нығайту және қазіргі қоғам дамуындағы жастардың рөлі мәселелерін талқылады.



← Жаңалықтар тізіміне оралу