«Almaty – менің мақтанышым» жобасы аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Ұрпақтар дебаты: «Алматы: өткені мен бүгіні» атты сараптамалық пікірталас алаңын өткізді. Іс-шара форсайт-сессия форматында ұйымдастырылып, қаланың кешенді даму келешегін айқындау мақсатында түрлі сала мамандарын бір ортаға тоғыстырды.
Талқылауға урбанистика, сәулет, экология және IT-инновациялар бағыттары бойынша төрт тарап қатысты. Қатысушылар өз салалары аясында қаланың даму тарихын үш уақыт кезеңі бойынша саралап, өткен мен бүгінді салыстыра отырып, болашаққа бағдар ұсынды.
Дебаттың басты қорытындысы – идеялардың өзара үндесуі болды. Ұсыныстар бір-біріне қайшы келмей, керісінше, толықтырып, Алматының трансформациясының ортақ жол картасын қалыптастыруға негіз қалады. Жоба аясында тәжірибелік кейстер ұсынылып, әртүрлі индустрия өкілдері арасында мазмұнды диалог алаңы құрылды.

«Almaty – менің мақтанышым» жобасы мегаполистің тұрақты дамуына сарапшылар қауымдастығы мен қала тұрғындарын кеңінен тартуға бағытталған іс-шаралар легін жалғастыруда.
Жоба жеткізушісі: «ALEM INNOVATION» ЖК