Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Бас ботаникалық бағы аумағында танымдық эко-тренинг өтті
07.04.2026

Бас ботаникалық бағы аумағында танымдық эко-тренинг өтті

7 сәуір күні «Taza Qala» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы Алматы қаласының Бас ботаникалық бағы аумағында танымдық эко-тренинг өткізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға:
— бөлме өсімдіктеріне күтім жасау негіздері;
— кеңістікті көгалдандыру қағидаттары;
— өсімдіктерді отырғызудың практикалық дағдылары ұсынылды.

Тренинг экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау деңгейін арттыруға бағытталды.

Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мектеп оқушылары, сондай-ақ Алматы технологиялық колледжінің эко-белсенділері қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар көгалдандыру саласы бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болды.

 

← Жаңалықтар тізіміне оралу