Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы бастамасымен және «Ашық жүрек» волонтерлік тобының қатысуымен «TAZA QALA» экологиялық жобасы аясында Samal Water кәсіпорнында танымдық экскурсия-тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — жастар мен қоғам өкілдерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттарын насихаттау және өндірістегі заманауи технологиялармен таныстыру.
Экскурсия барысында қатысушылар суды көпсатылы тазарту жүйесімен, автоматтандырылған құю желісімен және сапаны бақылаудың зертханалық кезеңдерімен танысты. Кәсіпорын мамандары су қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері мен өндірістік процестердің ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Сонымен қатар, іс-шарада энергия тиімділігі, қалдықтарды қайта өңдеу және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жауапты өндіріс қағидаттарына ерекше назар аударылды.
Аталған бастама «TAZA QALA» жобасының экологиялық сананы қалыптастырудағы маңыздылығын айқындай отырып, қоғам мен өндіріс арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
Samal Water компаниясына ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз.