Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму орталығының бастамасымен «Отбасы – бақыт мекенім» жобасын жүзеге асыру аясында «Ана – өмір шуағы» атты диалог алаңы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, аналардың қоғамдағы рөлі мен қазіргі заман талабына сай әйелдердің әлеуметтік, психологиялық және құқықтық сауаттылығын арттыру.
Диалог алаңына қоғам қайраткерлері, сарапшылар, психологтар, құқық қорғау саласының мамандары және белсенді аналар қатысты. Олар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, отбасы мен мансапты үйлестіру, отбасы қауіпсіздігі және құқықтық сауаттылық мәселелерін талқылады.
Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, көтерілген тақырыптар бойынша нақты ұсыныстар мен пайдалы ақпараттар алды.