Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Алматыда студенттерге арналған «Сталкинг» тақырыбында кездесу өтті
27.03.2026

Алматыда студенттерге арналған «Сталкинг» тақырыбында кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы мен Алматы Принтмедиа технологиялар колледжі бірлесе отырып, студенттерге арналған «Сталкинг» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуге Алмалы ауданы Прокуратурасы және Алатау ауданы полициясы қызметкерлері спикер ретінде қатысып, сталкингтің алдын алу, құқықтық жауапкершілік және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды ақпаратпен танысты. Іс-шара жастар арасында заңдарды құрметтеу және құқықтық сана қалыптастыруға септігін тигізді.

← Жаңалықтар тізіміне оралу