21.03.2026
«Гүл Алматы» атты мерекелік акция өтті
«Almaty – менің мақтанышым» жобасы және Наурыз мейрамын атап өту аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы 21 наурыз – «Ынтымақ күні» Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Гүл Алматы» атты мерекелік акция өткізді.
Іс-шара шығармашыл жастарды — Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері мен «Мейірім» оңалту орталығының тәрбиеленушілерін біріктіріп, инклюзивтілік пен тең мүмкіндіктер қағидаттарының жүзеге асырылуының жарқын үлгісіне айналды.
Акция қоғамдық келісімді нығайтуға, жасампаздық, отансүйгіштік және мәдени мұраға құрмет құндылықтарын ілгерілетуге ықпал етті. Шығармашылық арқылы Алматы қаласының жаңару, бірлік және тұрақты даму қаласы ретіндегі бейнесі ашылды.
«Almaty – менің мақтанышым» жобасы жыл бойы жалғасады. Қала тұрғындарын қоғамдық және мәдени өмірге тартуға бағытталған бірқатар өзге де іс-шаралар жоспарланған. Олардың қатарында конкурстар, әлеуметтік акциялар, интерактивті алаңдар және түрлі буын мен әлеуметтік топтарды біріктіретін басқа да бастамалар бар.
Жоба жеткізушісі: «ALEM INNOVATION» ЖК.