Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Алматыда «Stop-сталкинг» форумы өтті
02.03.2026

Алматыда «Stop-сталкинг» форумы өтті

Алматы қаласында «Stop-сталкинг» атты жалпықалалық форум өтті. Іс-шара Полиция департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Мақсаты қудалау (сталкинг) әрекеттерінің алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау және осы бағыттағы ведомствоаралық жұмысты күшейту.
Форумға сот органдары, прокуратура, құқық қорғау ұйымдары, заңгерлер және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында сталкингтің алдын алу, жәбірленушілерге көмек көрсету және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды.
Іс-шара нәтижесінде қатысушылар құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға және қоғамдағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған ұсыныстармен бөлісті.
← Жаңалықтар тізіміне оралу