Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Almaty тынысы» атты экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған семинар өтті
13.03.2026

«Almaty тынысы» атты экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған семинар өтті

Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Taza qala» жобасы аясында «Almaty тынысы» атты экологиялық семинар өтті.

Мақсаты - жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, балаларға табиғатты аялау құндылықтарын ерте жастан сіңіру болды.

Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, әдіскерлері мен басшылары қатысты. Спикерлер экологиялық тәрбие берудің заманауи тәсілдерін таныстырып, «Таза Қазақстан» қағидаты аясында қоршаған ортаға жауапкершілік туралы айтты. Қатысушылар тәжірибе алмасып, тәжірибелік ұсыныстар алды.

Кездесу табиғатты қорғау мәселесіне деген қызығушылықты арттырып, осы бағыттағы бастамаларды дамытуға серпін берді.



← Жаңалықтар тізіміне оралу