Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы мен Алматы құрылыс-техникалық колледжі «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында «Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері студенттерге сталкингтің алдын алу, нашақорлықтан сақтану, жеке деректерді қорғау және заңға қайшы әрекеттер үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндірді. Сонымен қатар жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мен азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығы айтылды.
Іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын құрметтеуге және қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Мұндай іс-шаралар жастардың белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.