Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам» тақырыбында студенттермен кездесу өтті
04.03.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам» тақырыбында студенттермен кездесу өтті

«Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Алматы қаласы қоғамдық даму орталығы мен Алматы автомобиль жол колледжі бірлесіп «Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу спикерлері: •Абдимомынов Жанаддин Бейбитович – Алатау аудандық отбасылық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы полиция майоры; •Расылхан Батырхан Айдарханұлы – Алматы қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты.
Іс-шарада интернет-алаяқтық, киберқылмыс, жеке деректерді қорғау және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік міселелерін түсіндіріліп, құқықтық мәдениет пен әрбір азаматтың  жеке жауапкершілігінің  маңыздылығы аталды.
Кездесу барысында «Заң мен тәртіп » идеологемасының мәні, оның бүгінгі қоғамдағы орны мен референдумға шығарылған Жаңа Конституция жобасының Преамбуласында көрініс тапқаны атап өтілді.
Студенттер диалогқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған өзекті сұрақтарға нақты жауаптар алды.
← Жаңалықтар тізіміне оралу