«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы мен ALT университеті бірлесіп «Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді.
Мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтық, киберқылмыс, жеке деректерді қорғау және құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелерін түсіндіру, сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен әр азаматтың жеке жауапкершілігін нығайту.
Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері спикер ретінде қатысып, құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелерін жан-жақты түсіндірді.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауап алды. Іс-шара жастардың заңға деген құрметті арттыруға және қауіпсіз әрі әділетті қоғам құруға бағытталған маңызды қадам болды.