Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Ұлттық нақыш ұлықталған күн: Алматыда қолөнер шеберлік сабағы өтті
25.02.2026

Ұлттық нақыш ұлықталған күн: Алматыда қолөнер шеберлік сабағы өтті

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Қазақ халқының дәстүрлі өнері мен қолөнері» тақырыбында шеберлік сабағын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты - қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптеу, дәстүрлі қолөнер түрлерін кеңінен насихаттау және ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру.
Іс-шара барысында қолөнер шеберлері сәндік-қолданбалы өнердің негізгі бағыттарымен таныстырып, бұйымдар мен олардың элементтерін жасаудың бірнеше әдісін кезең-кезеңімен көрсетіп, практикалық түсіндірме берді.
Шеберлік сабағына белгілі қолөнершілер, зергерлер және салалық оқу орындарының студенттері қатысты.
Аталған шара ұлттық құндылықтарды ұлықтауға, дәстүрлі өнердің сабақтастығын сақтауға және жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға зор ықпал етті.
      
← Жаңалықтар тізіміне оралу