Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Алматыда жастармен «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті
24.02.2026

Алматыда жастармен «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы Комьюнити орталығы алаңында жастармен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты – жастар арасында заңға, құқықтық тәртіпке және Қазақстанның негізгі конституциялық құндылықтарына тұрақты құрмет қалыптастыру.

Кездесудің спикерлері: заң ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессоры Кегембаева Жанар Аманжанқызы, Алматы қаласы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Ибрагим Шыңғысхан Тыныштықұлы.

Кездесудің модераторы – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы басшысының орынбасары Болатжан Әл-Фараби Нұрбекұлы.

Кездесудің басты лейтмотиві – «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету, жастар арасында құқықтық мәдениетті, тәртіпті және азаматтық жауапкершілікті нығайту.

Жоба жеткізушісі: «Ұлттық дәстүрді қолдау қоры «Жауһар» қоғамдық қоры.
← Жаңалықтар тізіміне оралу