Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында жастармен мотивациялық кездесу өтті
23.02.2026

«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында жастармен мотивациялық кездесу өтті

Принтмедиа технологиялар колледжінің алаңында Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының қолдауымен «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында жастармен мотивациялық кездесу өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар мақсатқа жетудің және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізі ретінде табандылықтың, еңбекқорлықтың, тәртіптің және жеке жауапкершіліктің маңыздылығын талқылады. Ашық диалог барысында қиындықтарды еңсеру, төзімділік пен салауатты өмір салтының табысты болашақ құрудағы рөлі сөз болды.
Кездесудің құрметті қонақтары – бокстан әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Назым Қызайбай және халықаралық турнирлердің жүлдегері, ұлттық құраманың мүшесі Алуа Балкибекова. Спортшылар өздерінің жетістікке жету жолындағы жеке тәжірибелерімен бөлісіп, тәртіп, заңға құрмет және мақсаткерлік жоғары нәтижелерге жетудің басты факторлары екенін атап өтті.
Кездесу жастарға шабыт беріп, алға қойған мақсаттарға сенімді қадам жасауға жаңа серпін сыйлады.
← Жаңалықтар тізіміне оралу