Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Әскери институтта киберқауіпсіздік бойынша кездесу өтті
05.02.2026

Әскери институтта киберқауіпсіздік бойынша кездесу өтті

Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы және Алматы қаласы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, ҚР Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты базасында «Заң мен тәртіп: цифрлық қауіпсіздіктегі азаматтық жауапкершілік» тақырыбы аясында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – цифрлық кеңістіктегі құқық бұзушылықтардың алдын алу, киберқатерлер туралы ақпараттандыру, жеке деректерді қорғау мәдениетін қалыптастыру және интернетті пайдалану кезінде азаматтық жауапкершілікті күшейту. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, онлайн ортада қауіпсіз әрі саналы әрекет ету дағдыларын дамыту көзделді.
Сарапшылар қатарында құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлері сөз сөйлеп, нақты мысалдар арқылы заманауи цифрлық қатерлерден сақтану жолдарын баяндады. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалану кезінде саналы ұстаным қалыптастыру, ақпараттық гигиенаны сақтау және заң талаптарын орындау қажеттігі атап өтілді.
← Жаңалықтар тізіміне оралу