Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы
Әскери қызметкерлерге арналған құқықтық кездесу
30.01.2026

Әскери қызметкерлерге арналған құқықтық кездесу

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы құрамындағы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің базасында әскери қызметкерлермен «Заң мен тәртіп: құқықтық мәдениетті және азаматтық жауапкершілікті нығайту» тақырыбында кездесу өтті.
Жиын барысында спикерлер Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында қоғам бірлігін нығайту, патриотизмді дамыту, әділеттілікті орнықтыру және «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстану жөнінде айтқан бастамаларына кеңінен тоқталды. Әскери қызметкерлерге құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы, цифрлық қауіпсіздік талаптары, есірткі қылмысының алдын алу, жеке деректерді қорғау және заманауи қауіп-қатерлерге қарсы цифрлық иммунитетті күшейту бағыттары түсіндірілді.
Кездесуге прокуратура және полиция органдарының өкілдері қатысып, құқықтық тәртіпті сақтау, заң талаптарын мүлтіксіз орындау және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері бойынша мазмұнды баяндамалар жасады.
Сондай-ақ шара барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар өзара пікір алмасты. Кездесу әскери ортада заң талаптарын қатаң сақтау мен тәртіпті нығайтудың маңызын айқындай түсті.
← Жаңалықтар тізіміне оралу